
Түркістан қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған “Түркістан-қауіпсіз қала” бағдарламасы аясындағы өткізілген байқаудың мақсаты есірткінің, нашақорлықтың жас ағзаға зиян екендігін түсіндіре отырып, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын ұғындыру. Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер- темекі шегу, есірткі заттарын пайдаланудан аулақ болуға шақыру. Адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстана отырып, жастарға ұлттық тәлім-тәрбие мен құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Біз есірткісіз өмірді қалаймыз” тақырыбында өтілген плакатқа сурет салу байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сабиров Бахрам Айбекұлы жүлделі III орынды иеленіп,қаржылай сыйлықпен марапатталды.