
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 қазан күні «Цифрлық сауаттылық — заман талабы» тақырыбында ағылшын тілі пәні бірлестігінің қалалық семинары өтілді.

Семинар мақсаты: оқу мен оқыту үдерісінде жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыру.

Семинарға Түркістан қалалық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Ж.Сералиева және қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

Семинар барысында Э.Абдураимов «AI in the classroom», Н.Рахманкулова «People and places», Н.Мараева «Sports», Н.Ризаева «Daily life and shopping», Г.Атаханова «Nouns: Favourite things», У.Сайфуддинов «Apps on the go» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Н.Юсупова, Д.Бабажанова және бірлестік мүшелері концерттік бағдарламаны ұйымдастырды.

Қалалық семинардың жоғары деңгейде өтуіне ағылшын тілі пәні бірлестігіндегі барлық мұғалімдер атсалысты.

Семинарға қатысушылар мұғалімдердің сабақтарына оң бағаларын беріп, мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мектеп әкімшілігіне және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.