Перейти к содержанию

ҚАРАША–ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ

⚜️⚜️ҚАРАША–ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ⚜️⚜️
⚜️⚜️ Апта дәйексөзі: Әділдік пен жауапкершілік біртұтас ұғым.
✅️Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өткен болатын.
✅️Қараша айы – «Әділдік және жауапкершілік айы» болып бекітілді.
Бұл айда білім алушылар:
• Іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының
болуы;
• Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу;
• Оқу тапсырмасын орындауда табандылық, еңбекқорлықтың болуы;
• Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну;
• Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу;
• Өзінің де, басқа адамдардың да әрекеттерін талдай білу;
• Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы
басқаларға көмектесуге дайын болу;
• Кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау;
• Ақпаратты бағалау және талдау негізінде салмақты шешімдер қабылдау.
✅️2024 жылдың 4 қараша күні 1-11 сынып жетекшілері «Адалдық асыл қасиет!», «Адалдық-адамгершілік бастауы!» тақырыбында тәрбие сабағы мен қауіпсіздік сабақтарын өткізді.
✅️Мақсаты: білім алушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа,ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік сабақтары арқылы келеңсіз жағдайлардан сақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *