Перейти к содержанию

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы N102 қаулысының негізінде 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация енгізілу…

🔰🔰Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы N102 қаулысының негізінде 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация енгізілуіне байланысты 2024 жылдың 11 қыркүйек күні Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Ақмарал» аурухана мекемесінің бас дәрігердің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Д.А.Битемирова , СӨСҚ маманы С.Бектолатовтың қатысуымен семинар өткізілді.
🔰🔰Семинарға мектеп әкімшілігі, мектептің медбикелері, 11жасар (2013 жылғы қыз) оқушылардың ата-аналары қатысты.
🔰🔰Семинар барысында денсаулық сақтаудың басты бағыттарының бірі онкологиялық аурулардың ауыртпалығын төмендету екендігі айтылды.
✅️Қазақстанда жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт бездері обырынан кейінгі екінші орында тұр. Елімізде жыл сайын жатыр мойыны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел осы аурудан қайтыс болады екен.
✅️Жатыр мойыны обырын алдын алудағы бірден бір тиімді тәсіл, ол – Адам папилломасына қарсы жасалатын вакцина.
✅️АПВ вакцинасы басқа да қатерлі ісіктерден қорғайды.
✅️Спикерлер ата-аналарды толғандырған сұрақтарға жауап берді және арнайы парақшалар таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *