
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 қараша күні 10-11 сынып оқушы қыздарымен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зулфия Гафурова және «Аналар мектебі» клубының төрайымы Гулбахор Юлдашеваның ұйымдастыруымен «Қыз бала тәрбиесі-ұлт болашағының негізі» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – қыз балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыру, олардың білім алу жолындағы ұмтылысын қолдау және отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіру.

Қыз баланың тәрбиесі – қоғамның алға басуы үшін қажетті бірінші қадам.

Олар бойындағы мейірімділік, тәртіптілік және адалдық қасиеттерін дамыту, болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын тұлға болуына ықпал ету.