Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы ең алдымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алады. Ұлттық құндылықтарымыз — ұлтымыздың мәңгілік қорғаушысы, шамшырағы.
Ұлттық құндылықтар-әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары, ғасырдан — ғасырға жеткен халықтың қазынасы-тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.
Ұлттық құндылықтардың халқымыздың өмірінде алатын орны ерекше.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 4-«Д» сынып жетекшісі Д.Суннатуллаеваның ұйымдастырумен «Ұлттық құндылық — ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: ата- бабаларымыздың игі дәстүрін сақтайтын, күллі әлемге халқымыздың атын шығаратын, өз елінің патриоттары болатын ұрпақтар тәрбиелеу.
Отаншылдық сезім-ұлт рухы деңгейінің айнасы, өлшемі.
Тәрбие сағатта ұлттық құндылықтарымыз бен салт — дәстүрлеріміз, өнерлеріміздің ерекшеліктері көрсетілді.