Перейти к содержанию

ҰЛТТЫҚ ФИЛЬМ АЙЛЫҒЫ ӨТТІ….

31 январь  
⚜️⚜️ҰЛТТЫҚ ФИЛЬМ АЙЛЫҒЫ ӨТТІ….
📹Ұлттық фильмдер – ұлттық құндылықтарды, тарихты, салт-дәстүрлерді және халықтың дүниетанымын бейнелейтін, келер ұрпаққа жеткізетін маңызды мәдени құралдардың бірі.
📹Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім басқармасының 09.01.2025 жылғы N25/109 хаты негізінде, «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқыту сапасын жетілдіру » өңірлік жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес “Ұлттық фильм” айлығы жарияланып, арнайы жоспар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
📹Оқушыларға қазақ киносының алтын қорына енген “Менің атым Қожа”, » Томирис», «Ұстаз» фильмдері көрсетілді.
📹Мақсаты:
📺Оқушыларға ұлттық киноның тәрбиелік және мәдени мәнін түсіндіру;
📺Ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттыру;
📺Фильм арқылы шынайылық, адалдық, жауапкершілік секілді адами қасиеттерді дәріптеу;
📺Қазақ әдебиеті мен кино өнерінің байланысын көрсету;
📺Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін-өзі тануға және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал ету;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *