Ұстазы мықтының-ұстамы мықты! Мұғалім барлық білім беру жүйесінің діңгегі, түп тамыры, жаны мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, икемділікті, мейірімділікті, ерекше шәкіртжандылықты кажет ететін де ұстаздық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни катаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Ұстаз үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «Білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мәртебелі маман. Осындай құрметке лайық ұстаздарымыздың көңіл күйін көтеру мақсатында мектебіміз педагог-психологтары мұғалімдерге арнап «Көңілді үзіліс» өткізді.




