
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 20 желтоқсан күні «Қосымша білім беруде -тәрбиелік үдерісті ұйымдастыруда заманауи тәсілдер» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Педагог мамандардың тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік сыйлайтын шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері М.Искакова,қала мектептерінің қосымша білім беру педагогтары және пән мұғалімдері қатысты.

Мектеп директоры Дилбар Абдуразакқызы Дийметова ұстаздарға мектеп тарихы, жетістіктері туралы баяндап, семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Семинар барысында Ж.Садыков «Химия пәнінен эксперименттік есептерді шығару әдістемесі», Г.Орынбасарова «Абай-дара,Абай-дара қазақта!», А.Егамбердиев «Қари наво куйі» , О.Хайруллаева «Ұшқыр ой» дебат клубының жұмысы бойынша, Ж.Стамкулова «Мәтінмен жұмыс кезінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары » тақырыбында шебер сынып, Д.Талипова «Қызықты математика әлемінде» интеллектуалды сайыс сабақтарын көрсетті.
Р.Шараповтың бастамасымен мектеп фойесінде «Барельеф» мүсінінің жасалу жолдары және оқушылардың қолөнер туындыларынан жасалған көрме ұйымдастырылды.

Семинар «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік » тақырыбындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Семинар соңында кері байланыс орнатылып,қонақтардың пікірлері тыңдалды. Өз кезегінде Түркістан қаласы білім бөлімінің әдіскері М.Искакова семинарды қорытындылап, озат тәжірибелерімен бөліскен педагогтардың жұмыстарына жоғары бағасын берді.