

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың
18 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарына сәйкес ата-аналардың болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «БАЛА ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА ОРТАҚ ІС» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.


Мектеп директоры Д.Дийметова жиналысты бастап ашып берді. Сонымен қатар, өз сөзінде ата-ана мен мектеп арасында үнемі тығыз байланыс болуын, балаларымыз үшін тәрбие мен білім қатар жүретін ажырамас егіз ұғым екенін, балаларын үнемі қадағалап отыруды, жауапкершілікпен қарауды қатаң түрде ескертті.


Мектебіміздің педагог-психологы З.Анарбаев жаңа оқу жылын ерекше көңіл күймен қарсы алу мақсатында ата-аналармен тренинг ұйымдастырды.


Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З.Гафурова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын, күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы өткізілетін шаралар, құндылықтарды айтып, жаңа оқу жылына арналған тәрбие жоспарын таныстырды.Жол қауіпсіздік ережесінің қатаң сақталуы,құқықбұзушылық, түнгі мезгілде жүрмеу туралы ақпарат беріліп,бейнероликтер көрсетілді.


Әлеуметтік педагог Н.Мауленова «Мектепке жол» акциясының жүргізілуі, 2024-2025оқу жылында бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы баяндады.


2024-2025 оқу жылына ата-аналар комитетінің төрағасы және құрамы сайланды.


Жиналысты қорытындылай келе, мектеп әкімшілігі бəсекеге қабілетті тұлға даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.


Мектеп пен ата-ананың тығыз байланысы — нәтижелі жұмыс. Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына жұмыла күш салайық.Баланың ерік-жігерін шыңдап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп,бірлесе ынтымақтастықта әрекет етейік!!