
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек — «Білім күніне» арналған «Мектебім- мейірім мекені» салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті.

Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыруы және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын,патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.

Міндеттері:
*білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
*өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
*қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету;


1 қыркүйек-Білім күні. Білім жолы әр адам үшін маңызлы кезең,ал бірінші қоңырау әр оқушының жүрегінде мәңгі сақталатын сәт.
Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.



Мерекелік жиынға мектебіміздің ұлағатты ардагер ұстазы З.Мухамеджанов, қамқоршылық кеңесінің төрағасы З.Бекенов, ата — аналар комитетінің төрағасы А.Байқозиев, ардагер-ұстаз Х.Убайдуллаев қатысты.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Дильбар Абдуразаққызы Дийметова ашып, іс-шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып,білім алушыларды мерекелерімен құттықтап,ізгі тілегін білдірді.

Іс-шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып,өлең шұмақтарын тарту етті.


Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып,әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп-өркендей берсін!!!