Перейти к содержанию

17 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні….

⚜️⚜️17 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні….
✅️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес 17 наурыз күні «Ата салтың-ұлттық қалпың» тақырыбында 7-сынып жетекшілері Д.Бабажанова, Ф.Каримова, Н.Гафурова, Н.Абдурашидова,Д.Мамадраимованың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.
✅️Мақсаты: Халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық салт-дәстүрлерін жастар арасында насихаттау, оларды өз дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрметпен таныстыру. Осы арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғырту, ұлттық сана-сезімді көтеру, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.
✅️Мерекелік кеш барысында оқушылар әдемі ән,күмбірлеген күй тартып,ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер көрсетті.
🌺🌺Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурыз елімізге ,әрбір отбасына бірлік пен қуаныш,құт-береке,бақыт пен молшылық әкелсін!
🌺🌺Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *