
2024 жылдың 21 қараша күні Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында (ЭЖП №19) Түркістан қаласының аумағында орналасқан эвакуациялық жиналу пункттерінің және зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің (ЭЖП-ЗШХҚП) 2024 оқу жылына арналған оқу жаттығу жоспарына сай Түркістан қаласының зардап шеккен халықты қабылдау пунктері әкімшілігінің функционалдық міндеттерін тексеру мақсатында оқу –жаттығу іс-шаралары өткізілді.

180 мұғалімнің 47 сі №19 ЭЖП әкімшілігіне тиісті болса қалғаны зардап шеккен халықтың ролін орындады. Арыс пен Шәуілдір елді мекендерінен автокалонналар мен келген зардап шеккен халықты ауыл шаруашылығы нысандарымен қоса қабылдау жұмыстары жоғары деңгейде өткізілді. Оларға тіркеу, есепке алу, көлік колонналарын құру, көлікпен қамтамасыз ету, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, ана мен бала, дәрігерлік қызмет, ауыл шаруашылық жануарларын көшіру, эшелондарды топтастыру, қарттар бөлмесіне қызмет көрсететін, психологиялық қолдау көрсету топтары қызмет көрсетті.