Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны белгілі.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар атқарылуда.
Жоспарға сәйкес 2025 жылдың 4 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына «Мамандықтар әлемі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау;
Мамандық әлемі,оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Жұмысшы мамандықтарға басты назарды аудара отырып, келешек ұрпақтың мықты маман болып шығуына жол ашу;
Іс-шара барысында оқушыларға жұмысшы мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді.