4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. Қасиетті де қастерлі саналатын рухани байлығымыз мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты белгісі болып саналады. Ел рәміздерін құрмет тұтып, қастерлеу – еліміздің Отансүйгіш әрбір азаматы үшін міндет әрі үлкен мәртебе.
Рәміздерім — елдігімнің белгісі,
Білу керек — баладағы ең кіші.
Рәміздерім — Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөнкісі.


0:11 / 0:22

