«5 ҚАЗАН – ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ «ДУБЛЁР КҮНІ»
Бүгін мектебімізде, «Ұстаздар күні» аясында, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы және белсенді оқушылардың қатысуымен «Дублер күні» өтті.
Білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру, барлық параллель сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту, олардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту сияқты көшбасшылық қасиеттерін дамыту мен тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 9-11 сынып оқушылары белсенді атсалысты.
Өздерін мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері орнында, бір күндік ұстаздық ету тәжірибесінде білім алушылар ұстаз болу — бір жағынан үлкен мәртебе болса, екінші жағынан үлкен жауапкершілік екенін сезінді. Сонымен қатар, «Дублер күні» білім алушылардың болашақ мамандықтарын таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беретін пайдалы тәжірибе болды.
«Дублер күні» аяқталғаннан кейін оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Дублер күні оқушылардың жауапкершілікті сезіне алатын ерекше күн.




