
Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік мәртебеге ие атаулы әлеуметтік көмек алушы,аз қамтылған,тұл жетім отбасынан шыққан 124 балаға бір реттік қаржы 43407 тг-ден ата-аналардың есеп-шотына аударылды.
Ата-аналар мектепке дайындықты бастап кетті.

Сонымен қатар демеуші тарапынан көмек қажет ететін әлеуметтік мәртебеге ие отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен, рюкзакпен, мектеп формасы,аяқ киім және дене шынықтыру формасымен қайырымдылық көмек көрсетті.

Демеушілік жасап, балаларға қуаныш пен күлкі сыйлаған белсенді ата-ана Асетовтар отбасына шексіз алғыс білдіреміз!!!


Жыл сайын балаларға мейірім шуағын сыйлайтын акция 30-шы қыркүйекке дейін жалғасын табады…..


Жақсылық жасап жарысайық!!!