Оқу жылының бастауы құтты болсын! Жаңа апта сәтті болсын!!!
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
Қыркүйек- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы.
Апта дәйексөзі:
«Қолың жетер биікке,еңбек етсең ерінбей,
Білім ізде кітаптан, жалқаулыққа берілмей» .
Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттерде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.
Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда орналастырылды.