
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024жылдың 10-қыркүйек күні 9-11 сынып ұлдары арасында мектеп директоры Д.Дийметова, ДТЖЖО А.Мамедов, педагог-психолог З.Анарбаев, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Хансеитов,мектеп инспекторы С.Бекболатов және сынып жетекшілердің қатысуымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар буллинг, лудомания құмар ойындардың алдын алу бойынша «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Бекболатов Серік Әріпбайұлы құқықбұзушылықтың, буллингтің құрбаны болған жағдайдағы мінез -құлық алгоритімі туралы,жолда жүру ережелері, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 ден кейін көшеде жүруге, мопед, скутер,электровелосипед басқаруға болмайтындығы туралы ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру әрбір жеке тұлғаның басты міндеті!

Қауіпсіз өмір-жарқын болашақ кепілі!