
Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Өкінішке орай бүгінде жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды.
Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті!

Сыбайлас жемқорлық жайлаған қоғам жан жақты дами алмайды. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға міндеттіміз. Осы орайда Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 16 қыркүйек күні «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ » тақырыбында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында мектебіміздің тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі А.Махметов, мектеп инспекторы С.Бекболатов баяндама жасады.

Жиналыста сыбайлас жемқорлықсыз, парасыз қоғамды қалыптастыру кеңінен талқыланып, жемқорлықсыз қоғам құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күреске барша қоғам болып күресуіміз керек.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ,жемқорлықпен толассыз күресе беретін болсақ,болашағымыздың жарқын болатыны,егемен еліміздің ертеңіне деген сеніміміздің үстелмейтіні ақиқат.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы.