
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының 21 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі-2024» өткізілді.

Денсаулық фестивалінің мақсаты: белсенді өмір салтын жүргізуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, денсаулық үшін қозғалыс белсенділігінің қажеттілігін ұғындыру және білім алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Білім алушылар мектептің спорт алаңында түрлі жаттығулар орындады.
«Денсаулық фестивалі»- өскелең ұрпақ үшін маңызды іс-шара!