Перейти к содержанию

“АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫ….

📝📝“АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫ……
✅️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3 қазан күні 3-4 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен республикалық «АЛТЫН САҚА» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
✅ Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға,сыни тұрғыдан ойлауға, күрделі есептерді шығаруға дағдылындару, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтау, ынталандыру.
✅ Жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.
✅ Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!! 💥💥💥👏👏👏

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *