
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 9-қазан күні Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пен дене шынықтыру пәні бірлестігі апталығының ашылу салтанаты болып өтті.

Апталықтың мақсаты: оқушылардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, спортқа ынталандырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде өткізуге және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға тарту, дене шынықтыру және АӘжТД пәніне саналы көзқарасты, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар мен мұғалімдер алғашқы әскери және технологиялық дайындық пен дене шынықтыру пәні мұғалімдері дайындаған тир ату, допты себетке тастау және басқа әртүрлі қызықты ойындарға қатысып, сыйлықтарға ие болды.

Мұғалімдер мен оқушыларды 9-18 қазан аралығында ұйымдастырылатын
ашық сабақтар мен түрлі спорттық іс шараларға белсенділікпен қатысуға шақырамыз!