Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында қазан айының жоспарына сәйкес 2024жылдың 11 қазан күні «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің мақсаты:
Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру;
Дәстүрлі құндылықтарды насихаттау;
Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.
Балаларды еңбекке тарту – олардың тұлғалық дамуына, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және еңбекқорлыққа баулуға үлкен әсер етеді. Еңбекке қатысу балаларға өз күшіне деген сенімділікті арттырып,топ болып жұмыс істеу дағдыларын үйретеді.