

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылы 17 қазан күні 2024-2025 оқу жылында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының талаптарына сәйкес мектеп асханасына бракераждық комиссия құрамының мүшелері тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізді.


Тексеру барысында мектеп асханасының тазалығы, күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы, асхана қызметкерлерінің сыртқы келбеті, (форманың тазалығы, ұқыптылығы, арнайы киім), қаптамаланған өнімдердің жарамдылық мерзімі, қол жуатын раковиналар, тәуліктік сынамаларды сақтау шарттары, нанды сақтауға арналған шкафтар, ас блогындағы ыдыстар, балаларға бір мәрте беріліп жатқан тамақтың сапасы, жас ерекшелігіне қарай тамақтың мөлшері тексерілді.