
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім мектебінде 2024 жылдың 19- қазан күні «Мектеп парламенті» президентінің сайлауы болып өтті.

Сайлауға 6 кандидат тіркеліп, өз бағдарламасын ұсынды.

Мектеп оқушылары ашық түрде дауыс беріп,өз кандидаттарын таңдады.

Сайлауды өткізу барысында сайлау ережелері сақталып, байқаушылар мен сенімді өкілдер қызметтерін өз дәрежесінде атқарды.

Сайлау нәтижесінде басымдылықпен дауыс жинаған 11-«В» сынып білім алушысы ШАКИРЖАНОВ ДИЛЁРБЕК ДОВРОНБЕКҰЛЫ Мектеп парламентінің президенті болып сайланды.