Перейти к содержанию

МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

🇰🇿МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН🇰🇿
✅️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «25 қазан — Республика күні» мерекесіне орай мектепалды даярлық сыныбында “Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
✅️Іс-шаранының мақсаты: балалардың бойына отанға деген сүйіспеншілікті сіңіріп, патриоттық сезімдерін арттыру;
✅️Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндеріміз елдің мемлекеттік әнұранын асқақ дауыспен орындап, көрермендерді тамсандырды. Әр баланың ерекше дайындығы, жанды дауыспен орындауы мен сахнадағы өнер көрсетуі бізді рухтандырып, көңілге мақтаныш ұялатты.
✅️Бүлдіршіндерге алғыс білдіріп, әр балақайдың өнеріне тек биік белестер тілейміз! Туған елге деген құрметіміз ешқашан төмендемей, болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі орын алсын!
✅️Жетекшісі: Х.Дийметова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *