Перейти к содержанию

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ…

⚜️⚜️РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ…
⚜️⚜️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында «25 қазан Республика күні» қарсаңында 23-қазан күні Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ,»Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
⚜️⚜️«Жас Ұлан»,» Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына үздік 60 оқушы қабылданды.
⚜️⚜️Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және мектеп парламенті президенті қатысты.
⚜️⚜️Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.
⚜️⚜️Жиында «Жас Ұлан» ұйымының әнұраны шырқалды.
🇰🇿🇰🇿Туымыз түстес галстукпен төсбелгілерді табыстау рәсімі мектеп әкімшілігі, ұстаздарына тапсырылды.
🇰🇿🇰🇿Егемендігіміз бен елдігімізді ерекше ту еткен жас өркендеріміздің алар асуы, шығар шыңы биік болғай!
🇰🇿🇰🇿Еліміздің болашағы жарқын,тұғыры биік болсын!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *