Перейти к содержанию

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП КҮНІ…

🔺️🔺️️ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП КҮНІ…
✅️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зулфия Гафурова және мектеп инспекторы полиция капитаны Нұрақ Ақбота Сәрсенбайқызы тарапынан 2024жылдың 4 қараша күні 5-6-7 сынып оқушылары арасында “Мектептің ішкі тәртіп ережелерінің» орындалуын қадағалау, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
✅️Мақсаты: «Үлгерім-Тәртіп-Мектеп формасы».
✅️Тәртіп пен біркелкі мектеп формасы оқу ортасының жақсаруына ықпал етеді, оқушылардың үлгерімін арттырады.
✅️ Білім алушылардың міндеттері:
1.Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
2.Басқа білім алушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқықтарын, ар — намысы мен қадір — қасиетін құрметтеу, олардың мүдделеріне нұқсан келтірмеу, кішілерге көмектесу;
3.Тәртіпті болу, мектепте және одан тыс жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау;
4.Физикалық қысым, қорқыту мен қорлаудан, басқаларға қатысты кемсітушілік әрекеттерден аулақ болу керек екенін жетік түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *