
Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек –құр кеуде» — деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Жақсылыққа ұмтылған жандар алдымен қайырымдылық жасайды, қолдау білдіреді.

Жақсы ниет білдіріп, оқушыларымызға қолдау көрсету мақсатында Асетова Гулчехра апай демеушілік жасап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан шыққан 10 баланы қажеттіліктеріне байланысты шалбар,көйлек, қыстық куртка және аяқ киіммен қамтамасыз етті.

Әр баланың шынайы күлкісі біз үшін бақыт!

Әр бала бақытты болуға лайықты!!