
Батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл — біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз», деген ұранмен Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері «Тәуелсіздік- тұғырым!» тақырыбында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай челлендж өткізді.

Мақсаты:

жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу;

туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт дәстүрін сақтауға тәрбиелеу;

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, елімізді жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік – ең алдымен халқымызның бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!