
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 11 желтоқсан «Тәуелсіздік ел тірегі — ілімді ұрпақ» тақырыбында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Мақсаты:Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру

Туымыз түстес галстукпен төсбелгілерді табыстау рәсімі мектеп әкімшілігі, ұстаздарына және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне тапсырылды.

Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына мүшелікке қабылданған оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, оқуда озат, еңбекте адал болуды тілейміз.