Перейти к содержанию

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚЫРАНДАРЫ» АТТЫ ФЛЕШМОБ

⚜️«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚЫРАНДАРЫ» АТТЫ ФЛЕШМОБ⚜️
♻️Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 11 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бірлік және ынтымақ» айының құндылығын негізге ала отырып, мектеп тәлімгері Ю.Атабаева 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН» челленджі іс-шара жоспары барысында «Тәуелсіз елдің қырандары» атты флешмоб ұйымдастырып, өткізді.
🇰🇿«Аумалы-төкпелі заманнан өтіп, бүгінгі егемендікке қол жеткіздік! Тәуелсіз байрағымыз көкте желбіреді!».
Жүректерінің түбіндегі осы бір сөздерді оқушылар флешмоб арқылы жеткізді.
🇰🇿⚜️Егемен еліміз үшін Тәуелсіздік күнінен асқан үлкен мереке жоқ. Азаттықтың арқасында бүгінде Қазақстан төрткүл дүниеге терезесі тең, керегесі кең, ұлт пен ұлыстары тату, экономикасы тұрақты даму үстіндегі болашағы зор мемлекет ретінде танылды. Толайым жетістіктерге жетіп, елдіктің іргетасы қаланды. Әрдайым тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткізген еліміз аман, заманымыз тыныш, ортақ Отанымыз Қазақстан гүлдей берсін!
🇰🇿Мемлекетіміз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, егемендігіміз баянды болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *