Перейти к содержанию

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-сыныптар арасында «Ең көп оқитын сынып» байқауы болып өтті.

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-сыныптар арасында «Ең көп оқитын сынып» байқауы болып өтті.
Мақсаты: Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орны ерекше екенін, қоғамға парасатты азамат тәрбиелеудегі кітаптың алатын орны зор екендігін түсіндіру, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу, оқырманның әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.
Сайысқа әр сыныптан оқырман оқушылар қатысты. Сайыс шарттары бойынша оқушылар оқыған ертегілердің мазмұнын айтып берді, ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді, жасанды интеллект арқылы қазақтың ұлттық ойыны — асық ойынын ойнап, ұлттық құндылық жайлы алған білімдерін көрсетті. Сайыста ең жоғары нәтиже көрсеткен 2-«А» сынып оқушылары 1-орынға иеленсе, 2-«Д» сынып 2-орын, 2-«В» сынып 3-орынды иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *