
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 20 қаңтар күні ыстық тамақ бойынша асхана қызметкерлерінің жұмысын санитарлық- эпидемиологиялық талаптарын сақталуына БРАКЕРАЖ комиссиясының тексерілуі жүргізілді.

Бракераж комиссия жоспары бойынша тексерілгені:

Аз қамтылған отбасы балаларының және бастауыш 1-4 сынып оқушыларына берілетін бір реттік ыстық тамақ құрамымен мөлшерінің сақталуы;

Тамақтың сапасы және сатуға рұқсат етілмейтін тағамдар;

Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың талапқа сай екеніне көз жеткізу.

Тексеру барысында мектеп асханасының санитарлық- эпидемиологиялық жағдайы жақсы және оқушыларға беріліп жатқан тамақтар талапқа сай күнделікті мәзір бойынша дайындалғаны анықталды.

Бракераж комиссиясы асхана қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп алғыстарын айтып өтті.