
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 22 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілген 5-7 сыныптар (цифрлық гигиена),
8-9 (онлайн сатып алудағы алаяқтық)
10-11 сыныптар (дропперлер) ашық сабақ жобасы аясында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 5-11сынып жетекшілері “Балаларға қаржылық сауаттылық туралы” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

️“Дропперлер кім? Неліктен бұл қауіпті?” тақырыбына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Dropper (немесе drop) – алаяқтар алдау, басқа адамдардың шоттарынан ұрлау және т.б. нәтижесінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны алу және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адам.

Оқушыларға қаржылық сауаттылық негіздері түсіндіріліп, интернет алаяқтықтары мен қаржы пирамидаларының қауіптілігі жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар, отбасындағы табыстың әртүрлі көздерін анықтау,отбасындағы табыс мөлшерінің айырмашылықтары мен себептерін түсіну,қаржылық сауаттылықтың маңызы туралы түсініктер қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардан дропперлер туралы тест алынды.