
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 27 қаңтар күні Түркістан облысы білім басқармасының 22.01.2025 жылғы № 25/419 хатына сәйкес, «Заң мен тәртіпті сақтаудағы менің үлесім!» тақырыбында адалдық сағаты(эссе жазу) өткізілді.

Эссе жазуға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Бірыңғай сағаттың мақсаты — құқықбұзушылықпен күресу және тәртіпті сақтаудағы жастардың өзіндік бағдарын анықтауына жол көрсететін тәлім — тәрбие беру.

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар,заң мен тәртіпті ұстану арқылы елімізді жақсартуға өз үлесін қосуы керек.