Перейти к содержанию

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беру мектебінде 2025 жылдың 23 қантар күні 9 сынып қыз балалар арасында «Қыздың өзі де тәрбиесі де нәзік» тақырыбында профилақтикалық жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабажанова, педагог-психолог С.Мирзаметова, аналар мектебінің төрайымы Г.Юлдашеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беру мектебінде 2025 жылдың 23 қантар күні 9 сынып қыз балалар арасында «Қыздың өзі де тәрбиесі де нәзік» тақырыбында профилақтикалық жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабажанова, педагог-психолог С.Мирзаметова, аналар мектебінің төрайымы Г.Юлдашеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу. Жиналыста аналар мектебінің төрайымы Гулбахар Юлдашева «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында баяндама оқып, өмір тәжірибесінен мысалдар келтіріп, құнды насихаттарын берді. Педагог-психолог Саодат Мирзаметова «Қыздың өзі де тәрбиесі де нәзік» тақырыбында видеоролик ұсынып, қыз бала қоғамда өзіні қалай ұстау керек? сұрақ аясында оқушылармен пікір алмасып, сөйлеу мәдениетін түзеу, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рисолат Бабажанова тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырушы процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады, осы айтылған кеңестерді барлығын өмірде пайдалануды ұсынды. Жиналыс соңында оқушылар құнды пікірлеріменен бөлісіп мектеп әкімшілгі және мұғалімдеріне жылы лебіздерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *