Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 24 қазан күні 10-11 сынып қыз балалар арасында «Қыз бала тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында профилақтикалық жиналыс өткізілді. Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбыларымен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабажанова, педагог-психолог С.Мирзаметова, аналар мектебінің төрайымы Г.Юлдашева және сынып жетекшілер қатысты. «Қыз бала тәрбиесі — ұлт болашағы» тақырыбында баяндама оқылып, видеоролик негізінде сұхбат жүргізілді. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс соңында оқушылар құнды пікірлерімен бөлісіп, мектеп мұғалімдеріне жылы лебіздерін білдірді.




