Перейти к содержанию

«ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ»

📘📗📙«ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ»📘📗📙
⚜️⚜️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында “Ұшқыр ой алаңы” жобасын іске асыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында дебат ойындарын қосымша білім беру педагогы О.Хайруллаева ұйымдастырды.
⚜️⚜️Шараның басты мақсаты – оқушылардың сыни ойлау, пікірталас мәдениеті мен шешендік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерін шыңдау.
⚜️⚜️Дебатқа қатысқан оқушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі көзқарастар мен ұсыныстарын ортаға салды. Пікірсайыс тақырыптары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, олардың шығармашылық және логикалық қабілеттерін барынша дамытуға бағытталды.
⚜️⚜️Шара барысында қатысушылар командалық жұмыс пен қарсыласты сыйлау, дәлелдермен жұмыс істеу, тыңдау дағдыларын жетілдірді. Финалдық ойындар ерекше тартысты өтіп, үздік спикерлер мен командалар марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *