Перейти к содержанию

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ…

⚜️⚜️МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ…
🔶️🔸️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мен еңбек нарығына қажетті мамандықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
🔶️🔸️Ағымдағы жылдың 4-ақпан күні 9-сынып оқушыларымен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіне саяхат ұйымдастырылды.
🔶️🔸️Саяхат барысында оқу орнының білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат беріліп, оқушыларға болашақ мамандық таңдау жолдары, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер, оқу орнында білім алудың артықшылықтары түсіндірілді.
🔶️🔸️Сондай-ақ, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледжге түсу талаптары, грант мүмкіндіктері және оқу үрдісі жайында нақты жауаптар алды.
🔶️🔸️Мұндай саяхаттар жастардың саналы түрде мамандық таңдауына оң әсерін тигізіп, олардың болашағына бағдар жасауға көмектеседі.
🔶️🔸️Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *