Перейти к содержанию

ҰЛЫ АБАЙ ЖОЛЫ-АЛАШТЫҢ ЖОЛЫ..

📚📚ҰЛЫ АБАЙ ЖОЛЫ-АЛАШТЫҢ ЖОЛЫ..
⚜️⚜️2025 жыл- қазақтың ұлы ақыны,дана әрі дара тұлға Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерей тойы.
⚜️⚜️Түркістан қаласы білім бөлімінің N41-03/636 хаты негізінде, Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақынның мұрасын дәріптеу мақсатында мектебімізде 18 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі И.Артикова, кітапханашылар И.Ниязметова, М.Бухарованың ұйымдастыруымен «Сөзі алтын хәкім Абай» тақырыбында шығармашылық әдеби-танымдық сабақ өтілді.
⚜️⚜️Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлайтын, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.
«Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту,ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу.
Ұлттың бас ақыны ұлы Абай мұрасын,нақыл сөздерін насихаттау.
⚜️⚜️Абай мұрасы-мәңгілік!!
Осындай шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, Абайдың асыл мұрасын кеңінен насихаттау біздің басты мақсатымыз…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *