
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 20 ақпан күні «Біздің бірлігіміз — болашақтың білімінде» атты өнер фестивалі өткізілді.

Өнер фестивалінің мақсаты:


Ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу;


Өнерпаз шәкірттерді баулыған ұстаздарға қолдау көрсету;


Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;

Қазылар алқасы:


Саметов Емен Долсболұлы
-Балалар мен жасөспірімдер орталығының бұқаралық бөлім меңгеруші;


Өмірзақ Ержан Ахметжанұлы
-Балалар мен жасөспірімдер орталығының көркемдік жетекшісі.


Оспанов Талғат Абешұлы
-Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Бейнелеу өнері» үйірмесінің педагогі.

Өнер фестивалі мектебіміздің 5-6 сынып білім алушыларынан «Аманат» хорымен басталды.

Фестиваль аясында жас өнерпаздар өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, әр түрлі жанрларда өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар көркем сөз, ән, би, күй, тақырыпқа сай театрландырылған қойылым өнерін көрсетті.

Мектебіміздің шебер, дарынды оқушылары жасаған қолөнер көрмесі қойылды.


Бойындағы өнерін ортаға салып, өнер көрсеткен барлық қатысушы оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз. Осындай игі шаралар жас буынның өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, тәрбиелік мәні зор мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге септігін тигізері сөзсіз.