Халқымыздың ұлттық киімдері – тек сән-салтанат емес, халқымыздың бай тарихы мен терең мәдениетінің айнасы.
Ұлттық киім кию – өткенге құрмет, бүгінге өнеге, ертеңге аманат.
Біз ұлттық құндылықтарымызды тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірімізде де дәріптеуіміз керек.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында ӘР ЖҰМА күні ұлттық киім кию күні ұйымдастырылады.
Ұлттық киімді күнделікті өмірге енгізу арқылы біз өз болмысымызды жаңғыртамыз. Ұлы мұрамызды ұлықтап, болашақ ұрпаққа аманат етеміз.