Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Ұлттық ойындар — ұлтымыздың құнды мұрасы” тақырыбында ұлттық ойындар ойнатылды.
Ұлттық ойындар -халқымыздың тарихы мәдениеті мен ұлттық рухының айнасы .
Халқымыздың ұлттық ойындары достық пен ұйымшылдыққа , батырлық пен тапқырлыққа үйретеді.
Ұлттық ойындар сайысында күш бірлікті сынайтын- «Арқан тарту», мергендікті көздейтін -«Асық ату», ептілік пен дәлдікті қажет ететін «Ләңгі тебу» ойындары ұйымдастырылды .
Қазақстан -көп ұлтты мемлекет. Әрдайым өз мәдениетімізді құрметтеп, ата -бабаларымыздан қалған асыл мұраны сақтайық !