Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде мейірімділік, жанашырлық және өзара көмек құндылықтарын насихаттау мақсатында
«Қайырымдылық керуені» акциясы өткізілді.
«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар берілді.
«Қайырымдылық керуені» акциясына қол ұшын созған демеушілерімізге айтар ризашылығымыз шексіз.
Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Бұл шапағаты мол іс шара наурыз айының соңына дейін жалғасын табады…