Перейти к содержанию

«Мейірімді жүрек-жылы тілек» мерекелік кеш….

💐💐«Мейірімді жүрек-жылы тілек»💐💐 мерекелік кеш….
✅️Мектебімізде көктемнің ең шуақты, ең мейірімге толы мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты мерекелік кеш өтті.
🌷🌷Бұл мерекелік кеш– аналар мен әжелерге деген шынайы құрметтің белгісі, жүрекке жылу сыйлар ерекше шара болды.
🌷🌷Кештің ашылуында мектеп директоры Дильбар Абдуразаққызы Дийметова ата-аналарды көктемнің жарқын мерекесімен құттықтап, аналардың отбасындағы және қоғамдағы рөліне тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.
🌷🌷Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, аналарға арнап әсем әндер шырқап, мәнерлеп өлең оқыды.
Кеш барысында аналарға арналған жылы лебіздер айтылды.
🌷🌷Жылы шырай, шаттық пен қуанышқа толы бұл кеш ата-аналар үшін ұмытылмас естелікке айналды.
🌷🌷Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан 10-«А» сынып жетекшісі Рисолат Бабажанова және оқушыларға алғыс білдіреміз.💥💥
💕💕Аналарымыз аман болсын, жүректері мейірім мен қуанышқа толы болсын!
💐💐💐💐💐💐

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *