Перейти к содержанию

АРДАГЕР ҰСТАЗ-АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ…

🌺🌺АРДАГЕР ҰСТАЗ-АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ…
🔷️🔶️Тылсым табиғат тамашасын тал бойына тоғыстырған ардақты аналарымыз, асыл аруларымыз қашанда, қандай құрметке болса да лайық.
🔷️🔶️️Бүгін Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің директоры Д.Дийметова, кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтың қолдауымен 8 наурыз -» Халықаралық әйелдер күніне» орай білім саласында қажырлы еңбек етіп, зейнетке шыққан, 80 жастан асқан ардагер ұстаз-аналарға құрмет көрсетілді.
🔷️🔶️Мектеп әкімшілігі ақжаулықты аналарымыз Гулсин Ибрагимова, Мохира Дадаханова, Руқия Ражаметова, Сарвар Хайруллаева, Сарвар Хаджиддинова, Рана Юсупованың үйлеріне барып, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстады.
🔷️🔶️Сондай-ақ саналы ғұмырын білім саласына арнаған ақжаулықты аналарымызға шексіз алғыстарын білдіріп, мерекелерімен құттықтады. 🔷️🔶️Ардагер-ұстаздар да ыстық ықыластарын білдіріп, ескірмес естеліктерімен бөлісіп, өздерінің ризашылықтарын жеткізді. Артынша бата-тілектерін жаудырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *