️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебіміздің ару қыздары арасында «БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА АҚ БАНТИК» челленджі ұйымдастырылуда…
Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қыздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мектеп мәдениетін құрметтеу, қыздардың сұлулығы мен әдемілігін,ұқыптылық пен талғамды насихаттау.
Ақ бантик тағу мен шаш өру әр қыз баланың нәзіктігі мен тәрбиесінің айнасы. Тазалық пен тәртіптің белгісі. Мектеп формасын толықтыратын ерекше стиль.
Барша мектеп аруларын нәзіктік пен жинақылықтың символына айналған ақ бантик тағуға,шаш өріп жүруді әдетке айналдыруға шақырамыз!!
Бұрымыңды ақ бантикпен сәндеп, әдемі сәттеріңмен бөліс!!
Мектебіміздің 9-«Б» және 9-«Д» сыныбының бұрымды қыздары «БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА- АҚ БАНТИК » челленджін бастап, барлық сыныптардың қыздарына жолдайды!