
Қайырымдылық халқымыздың қанында бар қасиет.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деп дана халқымыз айтқандай, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Мектебімізде «Наурызнама» онкүндігінің іс-шаралар жоспары аясында «Жақсылық жасауға асығайық» акциясы өткізілді.

Акцияға мүшел жасындағы ұстаздарымыз қолдау көрсетіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек қолын созды.